Skip to main content
Aqtöbe qalasynyñ
bılım bölımı
  • Bızge qoñyrau şalyñyz
  • 8 708 714441

"№42 orta mektebı" komunaldyq memlekettık mekemesı

2023 жылдың 24 қараша күні мектепте 1-11 класс оқушыларының ата-аналарына мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысына 1-11 кластың ата-аналар комитетінің мүшелері шақырылды. Жиналысқа мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Жуматаева А. және қамқоршылық кеңес төрайымы Хасенова Ж.К. қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Тәрбие құндылықтары;
2. Оқу үрдісіндегі өзгерістер мен І тоқсан қорытындысы;
3. Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығының жұмысын ұйымдастыру, “Даналық мектебін” құру (аталар, әжелер, әкелер, аналар, ағалар, жеңгелер клубы);
4. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық және буллинг, кибербуллинг;
5. Ағымдағы мәселелер.
Жиналыс барысында үштік одақ арқылы ата-аналармен бірге мектепте аталар, әжелер, акелер, аналар, ағалар, жеңгелер клуб жұмыстарын жүйелі ұйымдастыра отырып, оқушылар арасында тәрбиелік сипатта құндылыққа негізделген кездесу, семинар, сұхбат, әңгімелесу, тақырыптық кештер т.б. жұмыстар жүргізу жөніндегі мәселелер айтылды. Ата-аналар өз пікірлерін айтып, мектеп әкімшілігіне ұсыныстарын білдірді.

https://www.instagram.com/reel/C0CfNS2sWoE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

jañalyqtar