Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №42" государственного учреждения "Отдел образования города Актобе"
Білім күні мерекесіне орай өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалаптастыру мақсатында 1-11 кластарында “Мектебім – мейірім мекені” тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/Cwp3ypMMa4K/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== Салтанатты жиынға білім бөлімінің әдіскері Алмас Жиенгалиевич қатысты. 2-10 класс оқушыларына класс кабинеттерінде “Мектебім – мейірім мекені” тақырыбында бірыңғай класс сағаттары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, 2023 жылдың 8 қыркүйек күні мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық сергіту сәті (физкультминутка) челленджі ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты - балалардың салауатты өмір салтын насихаттау. https://www.instagram.com/reel/Cw7CpJYM-xC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
14 - қыркүйек күні "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы" КММ-нің психологі Т.Тулепбергенов және теолог А.Узакбай №42 орта мектебіне келіп, 9-11 класс оқушыларына "Адамгершілік -асыл қасиет" тақырыбында дәріс өткізді.Мақсаты: оқушылар бойына адамгершілік, адалдық, имандылық қасиеттерді дарыту. https://www.instagram.com/p/CxKl2L-M2Sn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2023 жылы 14 -қыркүйек Ақтөбе станциясындағы Желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы полиция лейтенанты А.Қ.Тойманов 27 тамыз - 30 қыркүйек аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет ету аумағында өткізіліп жатқан “Назар аударыңыз балалар” жедел профилактикалық іс-шара барысында Ақтөбе қаласындағы №42 орта мектебі КММ-нің оқушыларына “Темір жол аса қауіпті аймақ” тақырыбына дәрістер оқу арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/CxLvGX9s98Q/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қазан айында 1 қазан – халықаралық Қарттар күніне орай 1-11 кластарда класс сағаттары ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/Cx0qF-Ks3SE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/Cx2ryg6MRdD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/Cx4rt3vsHQF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2023 жылдың 2 қазан күні 11 класс оқушыларының қатысуымен педагогикалық еңбек ардагері мектеп директоры Индиева Марьям Тасбулатовнамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында мектеп оқушылары Марьям Тасбулатовнаның еңбек жолымен танысып, өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алысты.
https://www.instagram.com/reel/Cx5B180sCv9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/Cx5FbgRsERI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2023 жылдың 5 -қазан күні мектепте Ұстаздар мерекесіне орай «Дублер куні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектептегі өзін-өзі ұйымдастыру жұмысын жандандыру, тұлғанын көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардын ұйымдастырушлық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 11 - класс оқушылары өткізіп, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Шара соңында оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/CyP_G3bs4uL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
20 қазан Республика күні мерекесі қарсаңында «Қыран елім - Қазақстан!» атты патриоттық акциясының аясында №42 орта мектебінде мектеп оқушылары арасында Мемлекеттік Гимнді орындау шарасы ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/CynivGQscJ-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
27 қазан күні №42 орта мектебінің 9-11 класс оқушыларына Ақтөбе қаласы №2 қалалық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Сәндібекова Акбота Бакытбекқызы “Нашақорлық - қоғамның қауіпті індеті” тақырыбында дәріс оқып, түсіндіру жұмысын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/CzBaRnKMFMQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қараша айында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.У.Кундалин мен мектеп парламентінің ұйымдастыруымен (президенті Симбаева Мерей) 8-11 класс оқушылары арасында Волейболдан директор кубогі ойнатылды. Жарыс нәтижесінде:📌11”А” класс оқушылары 1-орын📌10”А” класс оқушылары 2-орын📌 8 класс оқушылары 3-орын иеленді.
https://www.instagram.com/p/CziGMIcI6_Y/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Желтоқсан айында 9-10 сынып оқушылары арасында “Мектеп Аруы - 2023” байқауы өткізілді.Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге бағыт-бағдар бере отырып, олардың бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-дәстүрімізді қадірлеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.Байқауға қатысушы қыз балалар төмендегі турлар бойынша бақ сынасты:1. “Мен қазақтың қызымын дара туған” таныстыру бөлімі;2. “Өнерлі өрге жүзер” өз -өнерін көрсету;3. “Саусағынан бал тамған” (кесте тоқу, қолөнер);4. “Қыздарға әсемдік жарасады” ұлттық киімдегі сән үлгісі.Байқау нәтижесінде мектебіміздің9”А” сынып оқушысы Нұрболатқызы Алина “Мектеп аруы-2023” атанып, мақтау қағазымен және сыйлықпен марапатталды.10”А” сынып оқушысы Қалила Аруна9”Ә” сынып оқушысы Тұрсынбекова Нұрай9”Б” сынып оқушысы Сартаева Аружан 3,2,1 орындарды иеленіп, алғыс хаттарға ие болды.
https://www.instagram.com/reel/C0ma615MxW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тәуелсіздік күніне арналған 1-11 кластарда бірыңғай класс сағаттары ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/C04EahOMYGQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==https://www.instagram.com/reel/C06FAl3sEM0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==https://www.instagram.com/reel/C030bPjMFpS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA=
Қаңтар айында мектебімізде “Бүгінгі түлек - ертеңгі тірек” тақырыбында жоғары сынып оқушыларына ЖОО таңдауда бағыт-бағдар беру мақсатында 2022-2023 оқу жылының түлектерімен кездесу ұйымдастырылды. Мектеп директоры А.Т.Күштаевтың алғысөзімен басталған шара барысында тақырыпқа сай сұрақ -жауап алынып, сонымен қатар есте қалған мектеп қабырғасындағы маңызды әрі қызықты сәттер туралы да сөз қозғалды.
https://www.instagram.com/p/C2SOp2xsYuX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының батыры, тұңғыш Халық Қаһарманы, армия генералы, елі үшін күрмеуі қиын-қыстау кезеңде әскерді басқара отырып, оның қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосқан, оның жоғарғы беделін әскери әлеуетін сақтап қалуға және жеке құрам арасында әскери тәртіпті нығайтуға септігін тигізген Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай “Ерлік - елге ұран, ұрпаққа мұра” тақырыбында 10-11 класс оқушыларына ерлік сағаты өткізілді. Ерлік сағатына “Ақтөбе облысының Таулы Қарабах ардагерлері одағы” қоғамдық бірлестіктің төрағасы Дюсенбаев Толыбай Олжабаевич және “Ақтөбе облысының Таулы Қарабах ардагерлері одағы” қоғамдық бірлестіктің ардагері Мырзахметов Бейбіт Төлешұлы шақырылды. Оқушылар Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтың өмірі, ерлігі, Қарулы күштердің құрылуы мен қалыптасуына қосқан үлесімен танысып, келген қонақтарға сұрақтарын қойды.
https://www.instagram.com/p/C2ehdanMR9c/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C2eos3TMbsQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C2epHAVsyxQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпан айында синтетикалык есірткінің, нашақорлықтың алдын алу бойынша №2 қалалық емханасының мамандары мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Синтетикалық есірткінің адам ағзасына әсері, зияны туралы ақпарат беріп, оқушылар сұрақтарына жауап алды.
https://www.instagram.com/p/C21wjHQsswk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдарлау мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді.Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Мергалиев Асыланбек Асылбекович.Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының оқытушысы полиция майоры Сейтимова Анар Сериковна.
https://www.instagram.com/p/C213G0EMsCr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы шара жоспарына сәйкес Сәндібекова Ақбота Бақытбекқызы №2 қалалық емхана салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері және директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Серик Утемисович Кундалин 10-11 сынып оқушыларына дәріс оқыды.
https://www.instagram.com/p/C32E9jVswNT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Биылғы оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл бағдарлама жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру және оқушылар бойында ұлттық құндылықтарды дарыту, өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу мақсатында 20 ақпан - 20 наурыз аралығында мектебімізде “Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің негізі” тақырыбында тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/C3kEqr5MISL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C3kL7B_sb2s/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Наурыз айында 1-наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту парызым» тақырыбында 1-11 кластарда бірыңғай класс сағаттары мен видеороликтер челленджі ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/C34WMteMKXs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA=
https://www.instagram.com/reel/C36nDq8Imzz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C37E6IvM5V0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Біртұтас тәрбие негіздері” бағдарламасының аясында “Мұқағали - мәңгілік ғұмыр” тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында оқушылар ақиық ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, “Аққулар ұйықтағанда” поэмасынан көрініс қойды. Сонымен қатар, ақын туралы бейнеролик көрсетіліп, әндері шырқалды.
https://www.instagram.com/reel/C370_rBM1t6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде Азаматтық қорғаныс күнінен орай №2 ЖЭП бойынша оқу жаттығуы өтті.
https://www.instagram.com/reel/C3-0NqZsTlD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Ұлттық құндылық- тәрбие негізі” тәрбие айлығы аясында 5 наурыз күні 2-4 сыныптар аралығында «Өнерлі қыз, өнегелі ана» аналар мен арулар байқауы өткізіледі.1. «Сәлем сөздің анасы» (таныстыру)2.«Тапқыр болсаң тауып көр»(сұрақ-жауап)3.«Бұрымды ару»(аналары қыздарының шаштарын сәндеп беруі тиіс)4.«Өнерлінің өрісі кең»(өнерлерін көрсету)5.«Қолдарынан бал тамған»(ұлттық тағамдар)
https://www.instagram.com/reel/C4KeX43MNYr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
№42 орта мектебінде 2024 жылдың 6 наурыз күні «Ұлттық құндылықтар – тәрбие негізі» айлығы аясында дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту мақсатында класс жетекшілері мен оқушылары арасында «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Байқауға 5 класс жетекші оқушыларымен қатысып, бақтарын сынады. Байқау соңында жүлделі орындармен және сыйлықтармен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/C4LV7W5s_DE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
8 наурыз - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ орай №42 орта мектеп ұжымының құттықтауы.
https://www.instagram.com/reel/C4NIj2Ao_wa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
13 наурыз күні мектебімізде “Ұлттық құндылықтар - тәрбие негізі” бір айлық аясында “Қызым еркем, жеңгесімен көркем” атты байқау ұйымдастырылды. Байқауға 5,6- кластардан барлығы 6 жұп қатысып, 5 бөлім бойынша бақ сынасты. Аталған шараға облыстың басты арнасы - “Қазақстан -Ақтөбе” телеканалына түсіріліп, жаңалықтардан көрсетілді.
https://www.instagram.com/reel/C4dXxpEsirZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2024 жылдың 15 наурыз күні “Ұлттық құндылықтар - тәрбие негізі” айлығы аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында 6 - класс жетекшілерінің ұйымдастыруымен ата-аналарымен “Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/C4kJZ66oa-3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C4khLWiM2aU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сәуір айында мектебімізде 40 жыл еңбек жолын Ұстаздық қызметке арнаған технология пәні мұғалімі, ардақты ұстазымыз Ақмарал Құтмағанбетқызының «Ұстаз жолы-дара жол» атты зейнетке шығу кеші ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/reel/C6FsRF5okRs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Эстетика-бар сұлулықтың бастауы» атты апталығы аясында мұғалімдер арасында «Спорт-біздің досымыз» атты жарыс ұйымдастырылды.Жарыс нәтижесі бойынша:І орын- Кыран тобыІІ орын- Болашақ тобыІІІ орын - Білім тобы марапатталды.https://www.instagram.com/reel/C6i3AZFMWMW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA
Мамыр айында 7 мамыр - Отан қорғаушылар және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай, 9-11 класс оқушыларына “Ерлігім - елім үшін” тақырыбындағы танымдық шара өткізілді. Шара барысында Отан үшін отқа түскен батыр бабаларымыздың ерлігі баяндалатын көрініс қойылып, патриоттық әндер шырқалды.
https://www.instagram.com/reel/C6n41BaMveX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Ақтөбе қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес тыл ардагерін мектеп оқушылары құттықтап, алғыстарын білдірді.
https://www.instagram.com/p/C66T5Tys816/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C677intIze3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C68CFPjsatr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2024 жылдың 17 мамыр күні мектепішілік “Балдәурен” хор тобының “Бақытты өрендер” тақырыбындағы есеп беру кеші өткізілді. Хор жетекшісі: Турсынбекова Багдагул Абдигалиевна.
https://www.instagram.com/reel/C7Evb3dssu7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
24 мамыр күні 1-11 кластарда «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай класс сағаттары ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/C7W1_yaodDT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C7XGtWDM-AE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C7YDp_9Ie2B/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектеп түлектері үшін 25 мамыр күні “Мектебім, саған мың алғыс!” тақырыбында іс-шара өткізіліп, соңғы қоңырау соғылды.
https://www.instagram.com/reel/C7ZSs8MIV7v/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
© 2022 Ualihan.
All Rights Reserved.