"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№42 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023–2024 оқу жылында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықбұзушылық кеңесінің құрамы бекітіліп, 2023-2024 оқу жылына құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған жылдық жұмыс жоспары құрылды. 2023 жылы Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы полиция лейтенанты А.Қ.Тойманов 20 тамыз – 30 қыркүйек аралығында көліктегі полиция департаментінің қызмет ету аумағында өткізіліп жатқан «Назар аударыңыз балалар» жедел профилактикалық іс шара барысында «Темір жол аса қауіпті аймақ» тақырыбында дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/CxLvGX9s98Q/?igsh=MXU3ZGV0YTZuYjZmcg==
Қазан айында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында және темір жол өткелінен жүру ережелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Темір жол аса қауіпті аймақ» тақырыбында желілік полиция бөлімінің инспекторлары дәріс оқыды.
https://www.instagram.com/p/CzTzHF2MvfJ/?igsh=MWZlZ2EwcWw1NmhwMQ==
Сонымен қатар, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.У.Кундалин және мектеп инспекторы Сексенбаев Арман Еламановичпен бірге 9-11 класс оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында дәріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/reel/CzsSG39I0ff/?igsh=MWxvMW90MWsxMmxjcw==
Қараша айында 1-11 класс оқушыларының ата-аналарына мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде:
https://www.instagram.com/reel/C0CfNS2sWoE/?igsh=azdyMWkydTgyd2lv
Ақтөбе облысы прокуратурасының бастамасымен «Байқаңыздар алаяқтар!» жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, жұмыстар жүргізілді. Атқарылған жұмыстар мектептің әлеуметтік парақшасында жарияланды.
https://www.instagram.com/reel/C0I0SJqoYrq/?igsh=MWdnMTE2NHhtM2F0Nw==
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепте 1-11 класс ата-аналарының арасында ата-аналар кезекшілігі ұйымдастырылып отырды.
https://www.instagram.com/p/C1En8khMXOb/?igsh=MWpiNjR6ZjE4bWk1eA==
Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы №3 ҚПБ тәрбие және кадр жұмысы бойынша орынбасары полиция подполковнигі Қуанышбекқызы Нұрсая мен ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция лейтенанты Амин Ақбаян 11 класс оқушыларымен кездесіп, ІІО-ның ведомостволық оқу орындарына түсу тәртібі мен талаптарын түсіндіріп, оқушылар сұрақтарына жауап берді.
https://www.instagram.com/p/C16bJzPssWc/?igsh=cHY1a2s1YXF1czFs
https://www.instagram.com/p/C16ayUEs80E/?igsh=MWdxOWE1Y3c3eXV1Yw==
Қаңтар айында, Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы полиция лейтенанты А.Қ.Тойманов «Темір жол аса қауіпті аймақ» тақырыбында дәріс оқып, оқыс оқиғаларды, поездардың жедел тежегіш қолдану дерегін болдырмау, сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік шараларын сақтауға дағдыландыру мақсатында және темір жолдың белгіленбеген жерден өтуге тиым салынатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/C2O6cW2sq2n/?igsh=MTlleGV2a2RrdGFoMw==
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының прокуратурасының «Абайлаңыз алаяқтар» тақырыбындағы ата-аналар назарына арналған қарапайым ережелері мектептің әлеуметтік парақшасында жарияланды.
https://www.instagram.com/p/C2uQyNYMusw/?igsh=MTBhaGtnZWlnejY3dw==
Ақпан айында, мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру мақсатында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы тактикалық даярлық кафедрасының бастығы, полиция подполковнигі Мергалиев Асланбек Асылбекович және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы тактикалық даярлық кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Сейтимова Анар Сериковна дәріс оқып, түсіндіру жұмысын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/C213G0EMsCr/?igsh=ZXdnZXJpcDJjdXVk
Ақтөбе облысының білім басқармасы жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында 2024 жылдың 5 наурыз күні 1-11 кластарды «Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында бірыңғай класс сағаттары ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/p/C4KXs65sDAd/?igsh=MXJ2bmRsd3JvbDlndg==
Сәуір айында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылықтар мен қылмыстық құықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/C6VxFXfMjJf/?igsh=eWZ2ZDlocXZocHpn
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы ПБ №3 ҚПБ ІІБ инспекторларымен бірге мектеп мұғалімдері рейд жұмыстарын үнемі жүргізді.
https://www.instagram.com/p/C6DOpEko16C/?igsh=MWUya2hidGp2MjNoaA==
https://www.instagram.com/p/C7MCv9tspRt/?igsh=MXZ1cDgyejdwOG5kaw==
© 2022 Ualihan.
All Rights Reserved.